Алматы облысында туристік навигация жүйесі қолданыла бастады

1603

Алматы облысында туристік навигация жүйесі қолданыла бастады

QR-кодтау жүйесінің көмегімен almatyregin-tour.kz порталының мобильдік нұсқасы арқылы жол белгісі және ақпараттық стендтермен тікелей байланыс орнатылды. Осы әдіс туристерді облыс аумағындағы 900-ден астам туристік нысан жайлы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді.

"Өткен жылы облыстың туризм саласындағы жеке инвестициялардың есебінен туристердің келу салыстырмасы 91 мың адамға артып, 3,6 млрд. теңгеге 43 туристік нысан пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде облыстағы шағын және орта бизнестің үлесі 38%-ға артты. Айталық, Алакөл көлінің жағалауындағы "ЭКО-1" бағдарламасы бойынша елімізде бірінші рет салынған "AQUAMARINE resort"  мен Талдықорған қаласындағы 1,6 млрд. теңге инвестиция салынған "Көктем Grand" қонақ үй кешендері де жаңа технологиялық тәртіптерге сай қызмет көрсете бастады", – дейді облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арқау Шантаев.

Биыл Алакөл көлінің жағалауындағы 150 орынды көпсалалы қонақ үй кешені, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы 300 орынды демалыс аймағы, Ұйғыр ауданындағы "Ақ сұңқар" шипажайы, Ескелді ауданындағы "Тау Жетісу" тау шаңғы базасы аумағындағы хауызы бар аквапарктың құрылысы аяқталады. Бұл нысандар да туристік навигация жүйесіне қосылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу