Алматы облысында түзету мекемесінің 10 қызметкері жазаланды

1067

Бұған желіде тараған бейнежазба себеп болған. 

Алматы облысында түзету мекемесінің 10 қызметкері жазаланды

Желіде Алматы облысындағы түзету мекемесінде жазасын өтеп отырғандар есірткі қолданғаны туралы бейнежазба тараған. Аталған факт бойынша 10 қызметкер қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады. 

 "Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткіге ұқсас зат сараптамаға жіберілді. Ішкі қауіпсіздік қызметі тарапынан қызметтік тексеру басталды. 10 қызметкер қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Түзету мекемесінің басшысын қызметтен босату ұсынылды", - деді департамент басшысы Серік Әдікәрімов. 

Желіде тараған бейнежазба авторы түзету мекемесінде туған күн тойланып жатқанын айтып, айналадағы адамдардың жасыл түсті шөп қолданбақ болғанын түсірген. Қазір бұл деректер бойынша тергеу амалдары басталғаны белгілі болды. Ал жазбадағы ұнтақ арнайы сараптамаға жіберілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу