Алматы облысында Tyson Foods және Baumann зауыттары салынады

1107

Биылғы жылы Алматы облысында Tyson Foods және Baumann трансұлттық компанияларының қатысуымен ет өңдеу жобасын бастау жоспарлануда.  

Алматы облысында Tyson Foods және Baumann зауыттары салынады

Бұл туралы есеп беру кездесуінде облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Американдық Tyson Foods компаниясы жылына 500 мың сиыр етін өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр, аталған кәсіпорынға Қапшағай маңынан жер бөлінді. Сонымен бірге "Жетісу қой" жобасы бойынша немістің Baumann компаниясы жылдық қуаттылығы 30 мың тонна ұсақ мал етін өңдейтін зауытты  іске қосады", - деді Амандық Баталов.

Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі таңда облыста 1,3 млн ірі қара бар, ал қой мен ешкі саны 4 млн болды.

Сонымен қатар, облыс әкімі А.Баталовтың хабарлауынша, облыста соңғы үш жылда құс етінің экспорты екі есеге артқан. Өткен жылы облыста 2 ірі құс фабрикасы пайдалануға берілді. Іле ауданында "НаурызАгро" фабрикасы 32 млн жұмыртқа өндірісін бастайды, ал Ұйғыр ауданында OTAN GreenFood жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін болады.

Осы жылы қуаттылығы 37 мың тонна болатын "Прима Кус" ЖШС ет өндіретін құс фабрикасының құрылысын бастау жоспарлануда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу