Алматы облысында үйлену тойында автоматтан оқ жаудырған ер адам ұсталды

220

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Алматы облысында үйлену тойында автоматтан оқ жаудырған ер адам ұсталды Фото: видео скриншот

Алматы облысында үйлену тойы кезінде автоматтан оқ жаудырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан үйлену тойы кезінде ер адамның АК-74 автоматынан бірнеше рет оқ атқанын көруге болады. 

Оқиға Қаскелең қаласында болған. 

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оқиға 2022 жылы Қарасай ауданындағы мейрамханалардың бірінің аумағында болған.

"Қазіргі уақытта 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Одан АК-74 автоматы табылып, тәркіленді. Күдікті шынымен де танысының үйлену тойында бірнеше рет оқ атқан", — деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу