Алматы облысында ҰҚШҰ — ның "Мызғымас бауырластық-2024" оқу-жаттығуы өтеді.
Алдағы әскери маневрлердің егжей-тегжейін оңтүстік астанада ҰҚШҰ елдері Қарулы Күштерінің өкілдері талқылады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
Мүше елдердің штаб офицерлері ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштеріне бөлетін оқу-жаттығулардың ниеті мен ұлттық контингенттердің құрамы жайында келісті.
"Мызғымас бауырластық-2024" оқу-жаттығулары күзде өтеді. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бітімгершілік күштерінің жалпы саны - 4 мыңға жуық.
Бұған дейін Алматыда ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы, сондай-ақ ұйым елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының саммиті өткен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу