Алматы облысында Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынды

1165

Құрылыс барысында отандық өндірушілердің материалдары қолданды.

Алматы облысында Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынды

2020 жылы аяқталған кезекті жобалардың бірі - Алматы-Көктал-Байсерке-Междуреченский автожолындағы Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы. 

Еске сала кетсек, 1972 жылы салынған көпір 2019 жылы ауыр жүк техникасының әсерінен құлап кеткен еді. 

Осылайша, 2020 жылы ұзындығы 700 метр болатын, Н.Тілендиев елдімекеніне дейін жететін жаңа көпір салу туралы шешім қабылданды. 

"Құрылыс барысында отандық өндірушілердің материалдары қолданды. Жаңа көпірдің құрылысы аясында жолшылар көпірдің жол жабынын толық ауыстырып, конустарды бекітіп,  су бұру желісін орнатты. Жұмыстардың нәтижесі бойынша, жол жабыны ІІІ-техникалық санатқа және заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілді", - деп жазылған "QazAvtoJol" Ұлттық Компаниясы" АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу