Алматы облысында ұлы әкесін балтамен ұрып өлтірді

203

Ер адам жарақаттарынан қаза болды. 

Алматы облысында ұлы әкесін балтамен ұрып өлтірді Фото: inbusiness.kz

Алматы облысында 23 жастағы жігіт 48 жастағы әкесін балтамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға 3 шілдеде Алматы облысының Береке ауылында болды. Олардың үйінде екі адам болған. Бір кезде баласы әкесіне балтамен шабуыл жасаған. Ер адам жарақаттарынан қаза болды.

Полицейлер күдіктіні бірден ұстады. Ол невропсихиатрда есепте тұрады. Жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балта тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу