Алматы облысында ұлы соққыға жыққан әйел көз жұмды

801

Алматы облысында ер адам анасын өлімше етіп сабады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы облысында ұлы соққыға жыққан әйел көз жұмды

Polisia.kz мәліметінше, 62 жастағы әйел ауруханаға 26 сәуірге қараған түні түскен. Дәрігерлер науқастың қатты соққы көргенін айтады. Әйел ертеңінде ауруханада көз жұмған.

"Полиция қызметкерлері анасының өліміне қатысы бар деген күдікпен марқұмның 40 жастағы ұлын ұстады. Күдіктінің мас күйінде өгей әкесі мен анасын ұрғаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу