Алматы облысында үш ағайындыны өлтірген бас күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

954

Алматы облысында үш ағайындыны өлтірген бас күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматы облысында үш ағайындыны өлтіргендердің соты аяқталуға жақын, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Бүгін мемлекеттік айыптаушы бас күдікті Талғат Сүлейменовке өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады. Ал Мұрат Оңалбаев 24 жылға сотталуы мүмкін. Сондай ақ куәгер бола тұра ешкімге аталған қылмыс жөнінде тіс жармаған Бақыт Байқасымов 4 жылын темір торда өткізуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Қарасай аудандық сотында үш ағайындыны өлтіргендердің ісі қаралып жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жәбірленуші тарап моральдық шығын талап еткен болатын. Олар судьядан 45 млн теңге өндіріп беруді сұрады. Бірақ, жәбірленуші тарап қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді сұраған еді.

Айта кетелік, қыркүйек айында үш ағайынды Ұзынағашқа мал сатуға кетіп, із-түзсіз жоғалып, артынша олардың өлі денелері табылған. Қаза болғандардың артында 8 баласы және жарлары қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу