Алматы облысында үш ауысымдық мектептер мәселесі қалай шешіледі?

888

2022 жылға қарай өңірде 166 балабақша ашу жоспарланған.

Алматы облысында үш ауысымдық мектептер мәселесі қалай шешіледі?

Биыл Алматы облысында 28 мектептің құрылысы жоспарланған, оның 19-ы – үш ауысымдылықты болдырмау мақсатында салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Білім беру саласында педагогтарға, оқушылар мен студенттерге қашықтан оқу мен жұмыс істеу технологияларын меңгеруге тура келді. Облыс бойынша 81 мың компьютер сатып алуға, 12,3 млрд теңге бөлдік, 24 мың мектеп компьютері мұқтаждарға уақытша пайдалануға берілді. Демеушілер қаржысы есебінен қосымша 2110 бірлік оргтехника берілді", – деді Амандық Баталов. 

Бұған қоса өңірде басшысы 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 98% жеткенін де атап өтті.

"Тағы 166 балабақша ашып, қамту деңгейін 2022 жылға қарай 100%-ға жеткіземіз", - деді облыс әкімі.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу