Алматы облысында үш жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр

479

Бала 17 наурызда үйден шығып кетіп, оралмаған. 

Алматы облысында үш жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған. Полицияға баланың анасы кешке хабарласқан.

"Арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Баланы іздеу үшін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу