Алматы облысында Волонтер жылының салтанатты ашылуы өтті

1540

Қазіргі таңда өңірде 500 мыңнан аса жас болса, соның мыңнан астамы қоғамдық жұмыстарға тұрақты түрде атсалысады.

Алматы облысында Волонтер жылының салтанатты ашылуы өтті

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, елімізге танымал өнер саңлақтары мен жастардан құрылған 3 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды 24.kz.

Қазіргі таңда өңірде 500 мыңнан аса жас болса, соның мыңнан астамы қоғамдық жұмыстарға тұрақты түрде атсалысады. Олар 19 ұйымға топтасқан. Белсенділер былтыр демеушілердің көмегімен тұрмысы төмен көпбалалы 5 отбасыға баспана сыйлаған болатын. Биыл олардың қатары артып, атқарылатын жұмыс ауқымы да ұлғая түспек. Бүгінгі бастама сол жастарды игілікті шараға көптеп тарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.  

"Волонтерлар жылы республика бойынша Алматы облысында бірінші ашылып отыр. Және бұл Жастар жылының жалғасы деп айтса болады. Себебі Жастар жылы да, Волонтерлар жылы да бізге берілген тарихи мүмкіндік. Себебі қазіргі жастарымыз көбісі қоғамдық жұмыстармен айналысады. Біз Волонтер жылы сол кісілерді жаңа деңгейге шығарып, керекті құжаттар мен жаңа жобаларды айқындап алатын жыл болмақ",– дейді Қазақстан студенттері альянсының президенті Ілияс Түстікбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу