Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты
Белгілі болғандай, 51 жастағы күдікті 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне қатысты Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру жөнінде тапсырыс беріп, 10 млн теңге ұсынған.
Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды.
Тапсырыс бойынша кісі өлтіру дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу