Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысқан күдікті ұсталды

1888

Жалған ақшаны дайындайтын жасырын цех Талғар қаласында жұмыс істеп келген. 

Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысқан күдікті ұсталды

Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысты деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Қазір 1989 жылғы күдіктінің үстінен  іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Жалған ақшаны дайындайтын жасырын цех Талғар қаласында жұмыс істеп келген. Оқиға орнынан EPSON маркалы түрлі-түсті көшіру аппараты, қағаз кесуге арналған станок, түрлі бояулар және жалған ақша купюраларының үлгілері тәркіленді.

Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіндегі қызметкерлердің мәліметінше, Алматы облысының сауда орындарында осы жалған ақша қаражатын өткізу фактілері анықталған. Енді күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу