Алматы облысында "Алматы – Шелек – Қорғас" автожолының 31-32 шақырым аралығында жаңа үлгідегі эксперименттік жол жабындысы төселді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жабынның басты ерекшелігі – қалыңдығы небәрі 1,2-1,5 сантиметр ғана, бірақ соған қарамастан өте төзімді әрі берік. Сондай-ақ жаңа технологияның тағы бір артықшылығы жол жабындысын төсегеннен кейін бар болғаны 30 минут ішінде жол қозғалысын қайта ашуға мүмкіндік береді.
Жоба "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы, Алматы облысы әкімдігі және Қытайдың Huayun Tongda Technology Group Co., Ltd компаниясының бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылды.
Мамандардың айтуынша, бұл технология болашақта Қазақстандағы жол құрылысының тиімділігін арттырып, көлік инфрақұрылымының сапасын жақсартуға үлес қосады.