Алматы облысында жаңғыртылатын энергия көздері бойынша 76 жоба іске қосылады

1096

Аталған нысандар 2030 жылға дейін салынады деп жоспарланған. 

Алматы облысында жаңғыртылатын энергия көздері бойынша 76 жоба іске қосылады

Бұл туралы өңір әкімі Амандық Баталов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz. 

"Алматы облысының аумағында Қазақстанның су энергия ресурстарының 65%-ы шоғырланған. Сол сияқты Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізі де бар. Бұл осы саланы белсенді инвестициялау үшін қолайлы жағдай туғызып отыр. Мәселен, қазіргі кезле өңірде жалпы белгіленген қуаты 332,4 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 32 нысаны жұмыс істейді. Аталған нысандарға 50,1 млрд теңге инвестиция салынды", - деді облыс басшысы. 

Амандық Баталовтың айтуынша соңғы 5 жылда өңірде жиынтық қуаты 250,4 МВт болатын 18 нысан пайдалануға берілген. Ал былтыр жалпы қуаты 62,9 МВт болатын 4 жоба іске қосылған. Оған 14,4 млрд теңге инвестиция салынып, 30 жұмыс орны ашылған. 

"Ал биыл жалпы қуаты 154,6 МВт, құны 84 млрд теңге болатын нысан ашылып, 63 жұмыс орны құрылатын 7 жобаны жүзеге асырамыз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы 2030 жылға дейін облыста 76 нысанды іске қосу жоспарланған", - деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу