Алматы облысында жаппай атыс болып, жасөспірім қаза тапты

175

Күдіктілерге іздеу жарияланды. 

Алматы облысында жаппай атыс болып, жасөспірім қаза тапты Фото: freepik

Алматы облысындағы Қонаев қаласында атыс болды. Облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ақпарат телеграм арнада пайда болды. Ондағы деректер бойынша, атыс салдарынан 2003 жылы туған жігіт қайтыс болған. Зардап шеккен қалған адамдар ауруханада. Ал 1995 және 1997 жылы туған күдіктілерге іздеу жарияланған. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Тергеу жүріп жатыр және бұл іс облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу