Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік бойынша 188 қылмыстық іс қозғалды

751

Азаматтардан 181 атыс қаруы тәркіленді.

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік бойынша 188 қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында тәртіпсіздіктер мен тонау, сондай-ақ нысандарды қирату бойынша 188 қылмыстық іс қозғалды, деп жазды inbusiness.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Олардың барлығы 2022 жылдың қаңтар айының басында болған тәртіпсіздіктерге қатысты. Дәлелдер жиналып, сарапталып жатыр. Осы фактілер бойынша облысымызда қазірдің өзінде 133 күдіктіге қатысты 188 қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ 299 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Азаматтардан 181 атыс қаруы тәркіленді. Оның ішінде 110 бірлік Макаров тапаншасы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу