Алматы облысында жардан құлаған қызды тікұшақпен құтқарды

463

Эвакуациялау және тасымалдау жұмыстарына "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды.

Алматы облысында жардан құлаған қызды тікұшақпен құтқарды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысы Букреев шыңы ауданында теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жардан құлап, басынан жарақат алып, өздігінен қозғала алмаған. Құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмекті оқиға куәгері көрсеткен.

Эвакуациядан кейін зардап шеккен қыз "Медеу" тікұшақ алаңына жеткізіліп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасына тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу