Алматы облысында оқушы қыздар қатарластарынан ақша бопсалаған

881

Қыздардың ата-аналары жауапқа тартылды.

Алматы облысында оқушы қыздар қатарластарынан ақша бопсалаған Фото: euroradio.fm

Алматы облысында жасөспірім қыздар өздері қатарлас қызға қысым көрсетіп, одан ақша бопсалаған. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапқа тартты.

"Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздар құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды. Құқықбұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді", – деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек Қарасай ауданының полиция басқармасында тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу