Алматы облысында жасөспірім қызға есірткі беріп, зорлаған күдікті ұсталды

250

Президентке үндеу! Бас прокурордың назарына!

Алматы облысында жасөспірім қызға есірткі беріп, зорлаған күдікті ұсталды Фото: egemen.kz

Адвокат Айжан Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жантүршігерлік жағдай туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

– Президентке үндеу! Бас прокурордың назарына! Кәмелетке толмаған қызды "есірткіге отырғызған" және зорлаған. Бірақ Алматы облысы, Қарасай ауданының полиция қызметкерлері тек бір адамды қамаған. Басқалары бостандықта жүр. Неге? – деп жазды Айжан Омарова.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдай бойынша бір күдікті ұсталғанын растады.

– Күдікті ұсталып қамауға алынды. Полиция қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларының барлық кешені жүргізілуде. Тергеу барысы облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды, – деп хабарлай ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу