Алматы облысында жасөспірім су қоймасындағы құбырға ағып кетті

335

Бір топ бала су қоймасына өз бетімен шомылуға келген. 

Алматы облысында жасөспірім су қоймасындағы құбырға ағып кетті Фото: РҚЖЖ

Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы облысында бір баланың суға кеткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылында бір топ жасөспірім су қоймасының ашық шлюзының маңайында шомылып жүрген.

Үйге қайтар уақытта олар бір баланың жоқ екенін байқаған.

Өз бетінше іздеп таппаған соң шлюзды жауып құтқарушыларды шақырған.

РЖҚЖ сүңгуір-құтқарушыларының жедел тобы оқиға орнына шығып іздеуді бастады.

Құтқарушылар шамамен батқан орнын анықтап тексергеннен кейін шлюзды ашу жөнінде шешім қабылдады.

Су жіберілгеннен кейін арнадан 2008 жылы туған баланың денесі табылды.

Шамамен шомылып жүрген кезінде бала суға батып, кейіннен денесін құбырға тартып әкеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу