Алматы облысында оқушылар қатарластарын аяусыз соққыға жыққан

461

Екінші жасөспірім барлығын видеоға түсіріп тұрған.

Алматы облысында оқушылар қатарластарын аяусыз соққыға жыққан Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысы Талғар ауданында жасөспірімдер өз қатарласының қолына таяқпен ұрып, сосын жұдырықпен бетіне соққы жасап, жерге құлатқан.

Аталған оқиға әлеуметтік желіде тарады, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.

"Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу