Алматы облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды

685

Кредит сомасы - 10 000 000 теңге, мерзімі 19 жыл.  

Алматы облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды Фото: aikyn.kz

Алматы облысының әкімдігі "Отбасы Банк" АҚ желісі арқылы Алматы облысының жас мамандарын жеңілдікпен кредиттеуге қатысуға құжаттарды  қабылдаудың басталғанын хабарлады. Құжат қабылдау 1 желтоқсанға дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz Алматы облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Кредит сомасы - 10 000 000 (он миллион) теңге дейін, жаңа тұрғын үй болса бастапқы жарна 0%, қайталама нарықтағы тұрғын үйге және жер үй үшін 10%, жеткілікті кепілдік шартымен. Пайыздық мөлшерле - жылдық 5% - ға дейін, қарыз мерзімі -19 жылға дейін. Сатып алынатын тұрғын үй – Алматы облысы аумағында болуы тиіс.

Сатып алынатын тұрғын үйдің құнына қатысты шектеу жоқ. Тек ипотека аясында жетпеген соманы қарыз алушы өзі төлейді.

Бұған дейін хабарланғандай Алматы облысының әкімдігі Отбасы Банк-пен бірлесіп,  жас мамандарға арналған "Алатау жастары" тұрғын үй бағдарламасын қолға алған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу