Алматы облысында жасырын есірткі зертханасы жойылып, 125 мың доза тәркіленді

335

Аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысында жасырын есірткі зертханасы жойылып, 125 мың доза тәркіленді Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы кезекті ірі соққы жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы анықталып, жойылды. 29 жастағы күдікті жеке үйді синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған. Қажетті жабдықтар мен химиялық реагенттерді жеткізу, сондай-ақ есірткі дайындау процесі интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы жүргізілген. 

Тінту кезінде 28 килограмнан астам α-PVP, 880 литр прекурсор және арнайы зертханалық жабдықтар тәркіленді. 

"Дайын синтетика өндірілген алғашқы партия болған. Оның көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында бұл заттардың ешқайсысы заңсыз айналымға түскен жоқ. Осылайша мыңдаған адамның есірткіге тәуелді болуына жол берілмеді. Халық денсаулығына келер зиян тоқтатылды. Іс жүзінде өңірдегі криминогендік ахуалға елеулі қауіп төндіретін "есірткі орталығы" жойылды. Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Баптың санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дейін көздейді. Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарына қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтеді. Есірткі өндіру мен оны сатуға қатысты кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылатын болады", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу