Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі қызды қағып кетті

225

 Қазір көлік арнайы тұраққа қойылған.

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі қызды қағып кетті Фото: newtimes.kz

Есік қаласында екі қызды жолдан өтіп бара жатқан жерінен жедел жәрдем көлігі қағып кетті, деп inbusiness.kz сайты жергілікті Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға туралы ақпарат бұған дейін Telegram-дағы Almaty News арнасында жарияланған. Мұнда Есік қаласында жедел жәрдем көлігі екі студент қызды қағып кеткені айтылады.

Қазір оқиға бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік іс қозғаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"12 қыркүйек күні Есік қаласындағы Алтын адам аллеясында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, екі қыз да амбулаторлық емделуге жіберілді", – деді жауаптылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу