"Жәния" жекеменшік балабақшасында бейнебақылау камерасының материалдарын зерделеу кезінде кәмелетке толмаған сәбиді қатты тістеп алған факті расталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық Полиция басқармасы жекеменшік балабақшада болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"2023 жылдың 16 тамызында Қарасай аудандық полиция басқармасында Абай ауылындағы балабақшалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың дене жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабы бойынша аудандық полицияда дереу тіркеліп, ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тексеруді жүзеге асырды. Сонымен қатар тәрбиешіге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды", деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ аталған балабақша директорына қатысты ҚР ӘҚБтК 409-бабы 3-бөлігі бойынша облыстың білім басқармасына ұсыныс дайындалды.
Полиция өкілдері өзге ақпарат жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша қосымша ұсынылатынын атап өтті.