Алматы облысында жеке үйлердің бірінде өрт шықты

372

Полицейлер өрт сөндіру бригадасы келгенге дейін ұйықтап жатқан үй иесін оятып, газ баллонын қауіпсіз жерге шығарған. 

Алматы облысында жеке үйлердің бірінде өрт шықты Фото: inbusiness.kz

Алматы облысының полицейлері Жетіген ауылындағы жеке үйлердің бірінде шыққан өртті сөндіруге көмектесті.

21 тамыз күні сағат 13:00 шамасында Алматы облысы ПД ППБ қызметкерлері борттық нөмірі 030 Hyundai қызметтік автокөлігімен оларға сеніп тапсырылған учаскеде патрульдеуді жүргізген. 

Патрульдеу кезінде олар үйлердің жанынан өтіп бара жатып, олардың бірінің шатыры жанып жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары өз қолдарымен өртті сөндіруге көмектесіп, өрт сөндіру бригадасы келгенге дейін қауіпсіздікті қамтамасыз етті, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. 

Үйдің тұрғындары полицейлерге ризашылықтарын білдіріп, қиындығы мен қызығы қатар қызметтеріне табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу