Алматы облысында жер қойнауын пайдалануға рұқсат беру тоқтатылды

151

Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы хабарлады.  

Алматы облысында жер қойнауын пайдалануға рұқсат беру тоқтатылды Фото: gov.kz

Алматы облысының прокуратурасы жер қойнауын пайдалану келісімшартының қолданылуын қалпына келтіру әрекетін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2023 жылы облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы міндеттемелерді орындамауына байланысты "Н" ЖШС-мен жасалған "саз өндіру бойынша" жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Алайда, 2024 жылы тараптардың келісімі бойынша сот жоғарыда аталған келісімшарттың қолданылуын қайта бастауды көздейтін бітімгершілік келісімді бекітті", - делінген хабарламада

Жоғары тұрған сот бірінші сатыдағы ұйғарымның күшін жойып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын заңнамада белгіленген рәсімдер шеңберінде тек қана құзыретті орган әкімдік атынан қалпына келтіруге немесе ұзартуға болатынын көрсетті.

Осылайша, заңдылық қағидатын сақтау және жер қойнауын пайдалануды реттеу мәселелеріндегі уәкілетті органдардың айрықша құзыреті қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу