2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Алматы облысында жер сілкінді

3380

Жер асты дүмпуі Талдықорған, Жаркент және Саты кентінде қатты байқалған.

Алматы облысында жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ 18 тамызда алматы уақытымен 05 саағат 07 минут 46 секундта жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 245 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісіні энергетикалық санаты – 12.8. MPV магнитудасы -5.4. Тереңдігі - 5 км. Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Жаркентте -4.5 балл, Талдықорған қаласында -2-3 балл, Саты кентінде 2-3 балл.

Бұдан кейін 06 сағат 38 минут 51 секундта тағы жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісіні энергетикалық санаты – 10.6. MPV магнитудасы - 4.6. Тереңдігі – 10 - км. Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу