2025 жылдың 1 мамыры күні, Астана уақытымен 08:19-да, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Алматы облысында жер сілкінісін тіркеді.
Сілкіністің негізгі параметрлері:
Уақыты: 2025 жыл, 1 мамыр, 08:19 (Астана уақыты)
Эпицентр координаттары: 42.843° с.е., 79.332° ш.б.
Ошағы: Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырымда орналасқан.
Қарқындылығы: Сезілмеген. Жер сілкінісі халыққа әсер етпеген, ешқандай қауіп төндірмейді.
Осы орайда Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезінде есте сақтауға тиіс 10 маңызды кеңесті еске салады:
- Сабыр сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз.
- Лифт пен баспалдақтарды пайдаланбаңыз.
- Терезе мен ауыр жиһаздан аулақ тұрыңыз.
- Жоғарғы қабатта болсаңыз – негізгі қабырғалардың бұрышына тығылыңыз.
- Егер төменгі қабатта болсаңыз – сақтықпен сыртқа шығыңыз.
- Шығар алдында суды, газды, жарықты өшіріңіз.
- Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайын болу керек).
- Электр желілерден, ағаштар мен ғимараттардан аулақ болыңыз.
- Жер сілкінісіне дайын болыңыз.
- Қарттарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесіңіз.
- Ресми органдар оқиғаны бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат таратылады.