Алматы облысында 7 адамнан тұратын отбасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтсақ, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кеткен. Олар 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шығып, үйлеріне оралмаған.
Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Іздеу шараларына дрон жұмылдырылған.