Алматы облысында жоғалған баланың неліктен көз жұмғаны анықталды

699

14 шілде күні жоғалған Ернұр Сәдуақастың мәйіті екі аптадан соң Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым жердегі тау баурайынан табылған еді.

Алматы облысында жоғалған баланың неліктен көз жұмғаны анықталды

Алматы облысында жоғалған 7 жасар баланың көз жұмған уақыты белгілі болды, деп хабарлайды 24.kz.

2 апта бұрын тауда адасып кеткен Ернұр Сәдуақас сол күні түнде көз жұмған. Бұл туралы Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев хабарлады.

"Медициналық сараптаманың ресми қорытындысына сәйкес Ернұр Сәдуақас жоғалған күнгі түні  қайтыс болған. Таулы аймақ болғандықтан жаңбыр жауып, күн салқындаған. Балаға 14-нен 15 шілдеге қараған түні суық тиіп, көз жұмған. Құтқарушылар мәйіт жатқан аумақты бір емес, бірнеше рет тінтіген. Алайда адам бойымен бірдей итмұрынның қалың бұталары арасына кіру мүмкін болмаған", - деді Сергей Незнаев.

Еске сала кетсек, 14 шілде күні жоғалған Ернұр Сәдуақастың мәйіті екі аптадан соң Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым жердегі тау баурайынан табылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу