Алматы облысында жоғалған оқушы 45 күннен кейін табылды

512

Алматы облысында жоғалып кеткен соң екі айға жуық уақыт іздестірілген оқушы табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы облысында жоғалған оқушы 45 күннен кейін табылды Фото: zakon.kz

"Алматы облысының полицейлері еріктілермен бірлесіп Қасейін Мұралды іздеп тапты. 14 жастағы жасөспірім 11 қыркүйек күні жоғалған және бүгінгі күнге дейін оның қайда екені белгісіз болған еді. Жасөспірімді іздеуге облыс полициясының жеке құрамы бағытталды. Облыстық департамент бастығының жеке бақылауында болған іздеу іс-шараларына еріктілер де қатысты", – деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратынша, оқушы Талғар ауданының Сақтан кентінен табылды. Жасөспірімнің 40 күннен астам уақыт бойы ата-анасынан жасырынғаны белгілі болды. Ол далада өмір сүріп, адамдардың көзіне түспеуге тырысқан. Қазіргі уақытта 14 жасар бала үйіне оралды. Баланың әкесі полицейлерге және баланы іздеуге көмектескен еріктілердің барлығына үлкен алғысын білдірді.

"Кәмелетке толмаған жасөспірімнің үйден бірінші рет қашып кетпегені және ата-анасымен бірге тұрудан бас тартқаны белгілі болды. Осыған байланысты комиссия құрамында облыстық Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ювеналды полиция баланың болашақ тағдыры туралы мәселені шешеді", – деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу