Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қызды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

285

Олар қамауда отыр. 

Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қызды өлтірді деген күдіктілер ұсталды Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қызды өлтіріп кеткен болуы мүмкін еді. Полиция күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Олар қамауда отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Кішкентай Айя-София бір айдан астам уақыт бұрын Күш ауылында із-түзсіз жоғалып кетті. Оны әлі таппай жатыр. Кейбіреулер қызды ұрлап кеткен деп есептейді. Біреулер сатып жіберді деп болжады. Қыздың анасының өзі оны өлтірген деген ой да бар. 

“Естуімше, анасы баласын өзі өлтірген немесе қызын ішімдік үшін сатып жіберген”, – деді тұрғын Базарқұл Смағұлов.

Күш ауылы қорғалатын аймақта орналасқан, өйткені жақын жерде аңшылық алқап бар. Мұнда ресми рұқсатсыз кіруге тыйым салынады. Елді мекенде небәрі 223 адам тұрады.

Көршілерінің айтуынша, Айя-Софияның қырық жастағы анасы дүкенге азық-түлік сатып алуға жиі баратын. Ауыл тұрғындары үйлерінен айғай мен дау естімегенін айтатын. Бүлдіршін тап-таза боп жүретін дейді. 

“Азық-түлік алу үшін бір-екі рет келді, тауық еті, картоп алды. Ол менімен жұмсақ сөйлесті. Даусы ақырын шығады. Қызы да аса ерке емес. Біреу оны суға батырып өлтірді дейді, анасы қызын суға тұншықтырып өлтіріп, сосын оны бір жерге көмген дейтіндер де бар”, – деді саудагер Қымбат Садықова.

Айя-София 17 наурыз күні түстен кейін жоғалып кетті. Қыздың отбасы полицияға хабарласқан. Күш ауылы мен Қарасай аңшылық шаруашылығының маңындағы аумақты 250-ден астам адам тексерді. Іздеу шарасына 25 ит пен 10 атты топ жұмылдырылды. Сондай-ақ тікұшақ пен тепловизоры бар төрт ұшқышсыз ұшақтың көмегімен іздеді. Тіпті жоғалған жердің маңындағы көлдің суын ағызып жіберген. Бірақ сонда да ол табылмады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әйел біраз уақыттан бері контейнерді жалдап тұрған. Ал оның құрбысы отбасымен көрші үйде тұратын. Кейін ауыл тұрғындарының айтуынша, анасы аңшылық қожалыққа жұмысқа тұрып, баласымен бірге көшіп кеткен. Сол жерде қыз жоғалып кетті.

Кішкентай Айя-Софияның жоғалуы барлығына жұмбақ болды. 

“Адасып кетті, алып кетті, неше түрлі нұсқа бар. Баланы ұрлаған деп естідік. Анасына да айып тағылды. Мүмкін, солай. Балаға қатысты ыза болған шығар. Қызды итергенде ол басын бір жерге соққан деген пікірлер бар. Анасы қорқып, баланы бір жерге тығып қойған болар. Ол кішкентай қыз еді. Сондай әдемі және арық. Ойнап жүретін”, – деді тұрғын Светлана Казачок.

Полицейлер күдіктілерді ұстады. Бірақ олар кімнің күдікке ілінгенін айтқан жоқ. Көршілер қыздың анасы кенет көрінбей кеткенін айтады. Құрбысы да тұрғылықты жерін ауыстырған. Үй қазір бос тұр.

“Кәмелетке толмаған Молгачева Айя-София Арсенқызының жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл дерек қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі " Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді”, – деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Баланы іздеу жұмыстары күні бүгінге дейін тоқтаған жоқ. Полиция күзетілетін аңшылық аумақта жұмыс істейді, оған барлығына кіруге тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу