"6 тамыз сағат 20.40 шамасында Audi автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі "Алматы-Көкпек-Көктал" автожолымен шығыс бағытқа қарай 181 км жүріп өтіп, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Renault көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам көз жұмды. Кәмелетке толмаған үш бала түрлі жарақаттармен Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады полиция.
Аталған дерек бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп толықтырды полиция қызметкерлері.