Алматы облысында жол ортасында дрифт жасағандар жазаланды

125

Олардың әрекеті бейнеленген жазба әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облысында жол ортасында дрифт жасағандар жазаланды Фото: видеодан алынған кадр

Алматы мен облысты байланыстыратын автожолда екі көлік дрифт жасап, өзге көліктердің жүруіне кедергі келтірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысының полиция департаменті жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.

- Құқық бұзушылар Қарасай ауданының тұрғындары – 1999, 2003 және 2007 жылы туған азаматтар. Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жеті бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Барлық көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылып, жүргізушілер көлік құралын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айырылды, - деп хабарлады полициядан.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларға қолданыстағы заңнама талаптары мен жауапсыз әрекеттердің салдарын түсіндірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу