Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер ұсталды

777

Олардың арасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер де бар. 

Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер ұсталды

Алматы облысында полицейлер мектеп түлектері үшін кортеж ұйымдастырған адамдарды анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде 4 көліктен тұратын кортеждің жол ережесін өрескел бұзғаны түсірілген видео тараған болатын. Полиция оқиға Алматы-Бішкек тасжолында болғанын жеткізді.

Полицейлер оқиғаға қатысы бар күдіктілерді ұстаған.

"Олар – 17-22 жастағы Жамбыл облысының тумалары. 4 көлік айыппұл тұрағына қойылды. Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушілердің екеуі кәлеметке толмаған", - деп жазылған хабарламада.

Бұл факт бойынша барлығы 15 хаттама толтырылған.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу