Алматы облысында жол полициясын көлік қағып, мерт қылды

329

Өңір полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Алматы облысында жол полициясын көлік қағып, мерт қылды Фото: polisia.kz

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қайғылы жағдай 20 желтоқсан күні "Алматы-Өскемен" автожолының 42 шақырымында болған.

– Toyota Camry 35 жүргізушісі "Алматы-Өскемен" автожолының 42 шақырымында келе жатып, көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, облыстық патрульдік полиция батальоны қызмет инспекторын қағып кетіп, инерция бойынша Hyundai Elantra қызметтік автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Облыстық департамент қызметте қаза тапқан полицейдің отбасына көңіл айтады, – деп хабарлады ведмстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу