Алматы облысында жолда көкпар ұйымдастырған адам 7 тәулікке қамалды

123

Тағы 4 адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Алматы облысында жолда көкпар ұйымдастырған адам 7 тәулікке қамалды Фото: видео скриншот

Алматы облысында жолдың жүру бөлігінде көкпар ойындарын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, желіге жүргізілген мониторинг барысында Еңбекшіқазақ ауданының жолдарындағы шабандоз тобының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі анықталды. 

"Құқық бұзушыларды аудандық полиция қызметкерлері анықтап, бөлімшеге жеткізді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұйымдастырушы Еңбекшіқазақ аудандық сотымен 7 тәулікке, ал төрт қатысушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, қалғандары айыппұл арқалады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу