Алматы облысындағы ауыл маңында карьер қазу тоқтатылды

168

Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылды. 

Алматы облысындағы ауыл маңында карьер қазу тоқтатылды Фото: бейнежазбадан

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйтерек ауылы тұрғындарының шағымынан кейін құмды-қиыршық қоспасын өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Әлеуметтік желіде Бәйтерек ауылының тұрғындары оқиға орнынан түсірген бейнежаба жарияланды. Олардың айтуынша, Каменистая көшесінің бойында экскваторлар үйлерге жақын маңда және жолдың астында карьер қазып жатыр. 

Алматы облысының әкімдігі осы жайтқа қатысты түсінік берді. Ақпаратқа сәйкес, "ХанЭлитСтрой" кәсіпорны Бәйтерек ауылындағы кен орнынан құмды-қиыршық қоспасын өндірумен айналысады.

"Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына жұмыс тобы аттанды. Тексеру жүргізілді. Кәсіпорын басшылығымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жер қазу жұмыстарын жүргізудің шекаралары анықталғанға дейін карьердің қызметі уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылды. Сондай-ақ жергілікті халыққа түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу