Алматы облысында жүгері ору науқаны басталды

2726

Алматы облысы бойынша биыл 80 мың гектар алқапқа жүгері егілген.

Алматы облысында жүгері ору науқаны басталды

Алматы облысының шаруалары жүгері ору науқанына кірісті, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл дақылды жинауды алғашқылардың бірі болып Панфилов ауданының диқандары бастады.

 "Тамшылатып суару технологиясы енгізілген алқаптардан биыл гектарына 200 центнерден өнім алынуы мүмкін", – дейді мамандар.

Алматы облысы бойынша биыл 80 мың гектар алқапқа жүгері егілсе, соның 33 пайызы Жаркент өңіріне тиесілі. Панфилов ауданының шаруалары бүгін осы дақылды ору науқанын бастады. Олар әр гектардан орта есеппен 120-130 центнерден өнім алып жатыр. Жиналған өнімді өткізуде әзірге қиындық жоқ. Өйткені аудан орталығының дәл іргесінде крахмал зауыты жұмыс істеп тұр. Мұндағы ең ірі деген шаруашылықтардың бірі биыл 1200 гектар алқапқа жүгері еккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу