Алматы облысында жүк көлігі траншеяға құлап кетті

152

Оқиға сәтінің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматы облысында жүк көлігі траншеяға құлап кетті Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылында жүк көлігі қазылған шұңқырға құлап түсті.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жер қазу жұмыстары кезінде самосвалдың траншеяға құлауына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

– Алдын ала деректер бойынша, су құбыры тарту барысында топырақ опырылған. Кейін жұмысты ашық әдіспен жалғастыру туралы шешім қабылданған. Қыркүйектің 25-іне қараған түні автожолдың бір бөлігі уақытша жабылды. Алайда көп ұзамай жөндеу жұмыстарына арналған ыстық асфальтты жеткізіп келе жатқан самосвал қазылған орға түсіп кеткен, – деді полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу