Алматы облысында жұмысыздық деңгейі 4,6 пайыз төмендеді

1750

Өңірде 31 мың жұмыс орыны ашылған. 

Алматы облысында жұмысыздық деңгейі 4,6 пайыз төмендеді

Алматы облысында өткен жылы жұмысыздық деңгейі 4,6 пайыз төмендеді. Бұл аймақтағы жаңадан ашылған кәсіпорындардың есебінен қол жеткен көрсеткіш болып отыр. Атап айтқанда, былтыр өңірде 31 мың жұмыс орыны ашылған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовтың әкімдік отырысында баяндады, деп хабарлайды abctv.kz.

Мәлімет бойынша 2018 жылы облыстың даму қарқыны ілгерлеп, барлық сала бойынша оң серпін көрсеткіші сақталған. Мәселен, өндірістегі өсім 3,1 пайызға, ауыл шаруашылығындағы ілгерлеушілік  3,6 пайызға, құрылыстағы даму – 1,6 пайызға жетті.

Өткен жылы облыстың инвестициялық қоржыны да толығып, құйылған қаржы мөлшері 574 млрд теңге шамасында болды. Бұл арғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3 пайызға көп. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 80 млрд теңге инвестиция тартылыпты.

"Өткен жылы біз индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 3 индикаторға қол жеткіздік. Оның ішінде өңдеуші өнеркәсіптің көлемі 1,7 процентке артып, түсім 762 млрд теңгеге жетті. Ал шикізаттық емес экспорт 14,6 процентке өсіп, табыс 298 млн АҚШ долларынан асты", – деді облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу