Алматы облысында жүргізуші жаяу жүргіні пышақтап тастаған

Бұл жағдай 1 маусым күндізгі уақытта орын алған. 

Алматы облысында жүргізуші жаяу жүргіні пышақтап тастаған Фото: Егемен Қазақстан

Алматы облысында жүргізуші көшеде жолдан өтіп бара жатқан ер адамды пышақтап тастады.

Оқиға 1 маусым күндізгі уақытта орын алған.

Алматы облысы полиция департаментінің дерегінше, 1 маусым 1967 жылы туған ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тіркелді", –

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Куәгерлердің айтуынша, жәбірленуші жолды кесіп өтпек болған, сол кезде өтіп бара жатқан көлік жүргізушісімен жанжал туған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 61 жастағы тұрғын ұсталды. Жанжалға Ұзынағаш ауылындағы көшелердің бірінде жәбірленуші мен күдікті арасындағы ауызша кикілжің себеп болғаны анықталды", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу