Алматы облысында жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдейтін зауыт салынады

117

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті.

Алматы облысында жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдейтін зауыт салынады Фото: АШМ

Өңірде қой жүнін терең өңдеуге арналған өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысы басталды. Құны 1,2 млрд теңгені құрайтын "Мерген Холдинг" компаниясының инвестициялық жобасы отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға және аймақтың қайта өңдеу секторын нығайтуға маңызды серпін береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы аумағы 3 мың шаршы метр болашақ өндірістік кешен заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған. Кәсіпорын жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдеп, жергілікті мал шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Жоба аясында дәстүрлі текеметтерден бастап көрпелер мен халық тұтынатын өзге де сұранысқа ие тауарлар түрін шығару көзделген. Бұл отандық өнім түрлерін көбейтіп қана қоймай, импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтуға, сондай-ақ "Қазақстанда жасалған" брендімен жоғары қосылған құны бар тауарлардың үлесін арттыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу