Дәрігерлер Алматы облысында уланып қалған отбасыдан жалғыз аман қалған әйелдің жағдайын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Диагноз: белгісіз затпен ауыр улану. Жүргізіліп жатқан емдеу аясында жағдай жақсарды. Өздігінен тыныс алып жатыр. Бөлімшеге ауысуға дайындалып жатыр", делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында әкесі мен төрт баласы белгісіз заттан уланып қайтыс болғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу