Алматы облысындағы 8 су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

194

Жосықсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылды. 

Алматы облысындағы 8 су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Алматы облысында 8 су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыстық табиғат қорғау прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құзырлы орган су ресурстарын басқару саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша ауқымды жұмыс жүргізген.

"Қадағалау қызметі барысында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан бұзушылықтар анықталды, олар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді елемеген, атап айтқанда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеді. Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға да қайтымсыз әсер етуі мүмкін",  деп хабарлады прокуратура.

Қабылданған шаралардың арқасында жосықсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылды. Осылайша құны 20 млрд теңгеден асатын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу