Алматы облысындағы ​ақылы жолдардан күніне қанша қаражат түседі

1377

Алматы облысында ақылы екі жол учаскесі бар. Оның бірі "Алматы-Шелек-Қорғас", екіншісі "Алматы-Қапшағай-Талдықорған" жолы. Бұл жолдар жүк көліктерінің жүктемесіне төтеп беру үшін бетоннан жасалған.

Алматы облысындағы ​ақылы жолдардан күніне қанша қаражат түседі

"ҚазАвтоЖол" ЖШС-нің "Алматы-Қорғас" ақылы жол бөлігінің басшысы Марат Сырымбайдың айтуынша, бұл бағытта жүретін көліктен күніне 1 млн 400 мың теңгеге жуық қаражат түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""Алматы-Қорғас" ақылы тас жолы 2018 жылы пайдалануға берілген. 295 шақырымдық тас жол бірінші дәрежелі 1Б жолына жатады. Күніне 400 мыңнан астам көлік жүреді. Ақылы жолдың тарифі 1-25 теңге аралығында. Жеңіл көліктер 1 шақырымға 1 теңге төлесе, жүк көліктеріне баға басқаша. Ақылы жолдың осы аумағынан күніне 1 млн 400 мың теңге қаражат түседі", - дейді Марат Сырымбай.

Сондай-ақ Сырымбай жолдың бүлінген бөлігін лезде жөндеп, қыста қардан тазартып, тайғақ жерге құм себілетінін айтады.

Көліктен түскен қаражат жолды жөндеуге, оны қалыпты жағдайда ұстап тұруға жұмсалады.

"Биыл 1200 шаршы метр аумаққа орташа жөндеу жұмысы жасалды. 317 шаршы метр аумақта жолдың жарылуы бітелді. Сондай-ақ 616 шаршы метр аумақты құрайтын асфальт бетонына жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Жақында күннің қатты ысуынан төрт жерде бетон көтеріліп кетті. Оны сол күні қайта жөндедік. Бұл жол Қытайға апаратындықтан, әсіресе жүк көліктері пайдаланады. Алайда пандемия басталғалы көлік ағыны азайды. Бетоннан жасалған жол ауыр жүкке шыдамды", - дейді Марат Сырымбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу