Алматы облысындағы ауылдардың 98%-ы сапалы сумен қамтылады

524

Амандық Баталов өңірде коммуникациялық желілер тарту бойынша атқарылған жұмыстар жайын баяндады.  

Алматы облысындағы ауылдардың 98%-ы сапалы сумен қамтылады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірді сапалы ауыз сумен қамту мәселесін көтерді.

"Облыста ауыз сумен қамту жүйелерінің құрылысы мен жөндеуіне қатысты 17,9 млрд теңгеге 110 жоба іске асырылуда. Осының нәтижесінде 90 елді мекенде ауыз су сапасы жақсарады. Нәтижесінде Алматы облысы ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту бойынша көшбасшы болмақ. Яғни қамту көрсеткіші – 98,8%", – деді облыс басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу